Робототехника кабинетінің жаңадан жабдықталуы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Робототехника кабинетінің жаңадан жабдықталуы
25
қараша
2021

Робототехника кабинетінің жаңадан жабдықталуы

Лицейімізде үш жыл бұрын ашылған робототехника кабинеті жұмыс істеп жатыр. Қазір онда түстен кейін 40 оқушы робот жасап үйренуде. Тегін факультатив сабағы сейсенбі, бейсенбі және сенбі күндері сағат 13:30-дан 16:30-ға дейін болады. Олар алдымен кішкентай бөлшектерді жинақтап, кейін роботты құрастырып, жүргізеді.
Лицей оқушылары робототехниканың қыр-сырын меңгеруде. Оқушылар роботты Lego mindstorms education бағдарламасы арқылы жасайды. Бұдан бөлек, 3D модельдеу, сәулет, дизайн, анимация, бағдарламалау және веб-сайтты құру жұмыстарын үйренуде. Жаңа оқу жылы қарсаңында С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейіндегі оқу үрдісінде қолданылып жүрген роботтар кешені жаңартылды.
Робототехниканы меңгеруге балалардың қызығушылығы артып келеді дейді Сабыржан ағай.
Жаңартылған кешен келесі робототехникалық көпфункционалды құралдармен жабдықталған:
  • Заманауи жоғары қарқынды ноутбуктар;
  • Паяльды станциялар; 
  • 3D модельдеуге арналған графикалық планшеттер;
  • аrduino платформасында құрылған білімберуші жинақ;
  • адамға ұқсас өзін өзі тұрақтандыратын робот (гуманоид);
  • бірплаталық компьютер Orange Pi Win Plus - Windows 10 IOT қолдауымен дамытылған;
  • роботоконструктор UnoCraft++, білімберу STEM жиыны;
  • интерактивті дисплеймен жұмыс жасауға бейімделген лицензиялық программалық кешен;
  • сабаққа және сайыстарға арналған супержиын және
  • Vex IQ робототехникалық жиыны мен шетелден алынған электроника-бағдарламалау кітаптарымен қамтылған.
Бұдан үш жыл бұрын Lego Mindstorm EV3 базалық роботтармен жабдықталған робототехника кабинеті сәтті жұмысқа қосылып зертханалық сабақтарда пайдаланып, көптеген көрмелер мен олимпиадаларға жобалар дайындалған болса, жаңа келіп түскен роботтар аталған бағдарламаның мүмкіндігін бірнеше есе кеңейте түсті.
Қолымыздағы зертханалық жабдықтарды бірігіп қолдану үшін, ортақ идеяларды жүзеге асыру, білім беру сапасын арттыру және жалпы өңірдің дамуына үлес қосу мақсатында барлық мүдделі тараптарды бірлесіп еңбек етуге шақырамыз.