Pеспубликалық педагогикалық тамыз кеңесі » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Pеспубликалық педагогикалық тамыз кеңесі
20
тамыз
2022

Pеспубликалық педагогикалық тамыз кеңесі

19 тамыз Нұр-сұлтан қаласында республикалық педагогикалық тамыз кеңесі өтті. Кеңес барысында биылғы оқу жылының өзгешелігі мен ерекшелігі атап өтіліп жаңа оқу жылының жылдық жоспары таныстырылды. Сондай-ақ соңғы оқу жылындағы республикалық мектептер арасында ҰБТ-жоғары нәтижесін көрсеткен ТОП 100 мектептер тізімі жарияланды. Жоғары нәтиже көрсеткен мектептер қатарында өзіміздің 🏢Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейімізде ілінді. Бұл лицей ұжымының қажырлы еңбегі мен білікті ұстаздарының еңбегінің нәтижесі деп білеміз. Сонымен қатар республикалық математика бағытындағы 🏢үздік 100 мектеп рейтінгісі көрсетіліп, ол тізімде лицейіміз республика мектептері ішіндегі ✔️30-орынды ойып тұрып алғанын айтып өткіміз келеді. Биылғы өткен жыл лицей мен лицей ұжымы үшін үлкен жетістікке толы, жемісті жыл болды деп айтсақ қәте болмас еді. Барлық ұжымды осы жетістікпен құттықтай отырып жаңа оқу жылына сәттілік тілейміз!👏🏻👏🏻👏🏻 #тамызкеңесі #мектеп #алматымектеп #оқуағартуминистрлігі