Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қыз Жібек-қазақ аруларының символы» атты семинар өткізілді.
05
сәуір
2023

«Қыз Жібек-қазақ аруларының символы» атты семинар өткізілді.

2023 жылдың 17 наурызында лицейде С.А.Қожықовтың 100 жылдық мерей тойына орай қоғамдық-гуманитарлық кафедрасы онкүндікті қорытындылауда «ҚызЖібек-қазақ аруларының символы» атты семинар ұйымдастырды. «Қыз Жібек» кино фильміндегі ұлттық мәдениет тақырыбында лицей ұстаздарының 1-тобына пән мұғалімдері Искакова Ш.К., Сейткулова Ф.Д., Рахманов Ж. жауапкершілігімен өткізген шебер-сыныптың мақсаты: Ұлтымыздың болашағын тәрбиелеуде «Қыз Жібек» кино фильмінің   халықтық тәлім - тәрбие негізінде жан сұлулығын қалыптастыру. Сенімді және достық атмосфера шеберлік сабағының мақсатына жетуіне және қатысушылардың жағымды эмоциялар алуына оң ықпал етті.
Сонымен қатар, ұжымның 2-тобымен пән мұғалімдері Дюсебаева А.А., Қосалбаева С.М., Жүнісова А.Ш. ұйымдастыруымен
"Қыз Жібек" кино фильміндегі ұлттық құндылықтар мен мәдениет" тақырыбында
шебер-сыныпқа қатысқан білікті ұстаздар қауымы "Қазақ киносының Сұлтаны" ғана емес, режиссердің атақты туындысында көрсетілген ұлттық идеология мен мәдениеттің айшықты тұстарын таныды. Іс-шара жоғары деңгейде, пайдалы материалдармен тыңғылықты тұжырымдар түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ашылды.
Қатысушылардан кері байланыс ретінде әрқайсысы өз пікірін білдіріп, «Қыз Жібек» жыры қазақ халқының сарқылмас қазынасы, өшпес мұрасы екенін осы жырдың желісімен түсірілген С.А. Қожықовтың «Қыз Жібек» көркем фильмің жас ұрпақты тәрбиелеуге таптырмас құндылықтар екенін атап өтті.