10
қараша
2024
“Алматы ұстазы” байқауына дайындық
https://www.instagram.com/reel/DB5lzRZisNv/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
01.11 күні лицейдің 36 жасқа дейінгі және 36 жасқа толған педагог мамандар қатарымен “Алматы ұстазы” байқауына дайындық стратегиялары” бойынша №1 семинар-практикум директордың бейін бойынша оқыту жөніндегі орынбасары Сартбаева Г.Б. және “Алматы ұстазы-2022” байқауының жеңімпазы, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Динабекова А.А. жауапкершілігімен өткізілді. Мақсаты: жастардың байқауға қатысу мүмкіндіктерін ашу, жоспарланған стратегиялар бойынша мектепішілік байқауға қатыстырып, бағыт-бағдар беру семинарлары арқылы топтау, іріктеу, қалалық байқауға жолдама беру жұмыстарын ұтымды ұйымдастыру.
Осы мақсатта семинардың 1-бөлімінде Алина Айбекқызы байқауға қатысу шарттары мен ережесі бойынша толық мәлімет беріп, түсіндірме жұмысын жүргізді. Семинардың 2-бөлімінде Гүлназ Балғабекқызы әр пән мұғалімдерін біріктіріп, топпен жұмыс арқылы ізденіс, шеберліктерін шыңдау жұмыстарын жүргізіп, келесі семинарға тапсырмалар берді. Іс-шарада жас буын мамандар өзара пікірлесіп, бір жерден ой түю, бірыңғай талап қою мәселелерін шеше білді. Қатысқан мұғалімдерге алғысымызды білдіреміз!