08
сәуір
2025
Лицей оқушысы Халықаралық конкурстың жеңімпазы атанды



7 «Ә» сынып оқушысы Райхан Дінмұхамед Өзбекстанда өткен конкурста жеңіске жетіп, үлкен табысқа қол жеткізді. Оның қажырлы еңбегі мен табандылығы байқау барысында ерекше байқалып, шығармашылық қабілеті мен білім деңгейін жоғары бағалауға мүмкіндік берді. Бұл жетістік оның оқу жолындағы жаңа белестерге дайын екендігін дәлелдейді. Жеңістен кейін, Райхан Дінмұхаммед июнь айында Грузияда өтетін халықаралық конкурсқа жолдама алды, бұл оның шетелдік бәсекеге қабілеттілігін арттыруға септігін тигізеді. Мұндай жетістіктер жас ұрпақтың болашақтағы үлкен жетістіктерге жетуіне ықпал етіп, оның әрі қарай дамуына және халықаралық аренада өз орнын табуына зор мүмкіндік береді.