Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Оқушылар назарына
08
сәуір
2025

Оқушылар назарына


Оқушылар назарына🔴 Жол белгілері көлік қозғалысын реттеу және көлік жүргізуші мен жаяу жүргіншіге жол жағдайы жөнінде ақпарат беру мақсатында көше мен жол бойына қойылатын белгілер. «Жол белгілері» 7 топқа бөлінеді:
1.Ескерту белгілері
2.Басымдық белгілері
3.Тыйым салу белгілері
4.Міндеттеу белгілері
5.Ақпараттық көрсеткіш белгілері
6.Қызмет көрсету белгілері
7.Қосымша тақтайшалар
Осы топтарға бөлек тоқтала кетсек,
Ескерту белгілері жолдың қауіпті бөлігінің жақын екенін хабарлайды. Басымдық белгілері көше қиылыстарын, жолдың жіңішке бөлігін, кесіп өту кезектілігін белгілейді. Тыйым салу белгілері жолдағы көлік қозғалысына белгілі бір шектеулер енгізеді және бұрын қойылған шектеулердің күшін жояды. Міндеттеу белгілері бір бағытта немесе көліктің белгілі бір түріне ғана жүруге рұқсат етеді. Ақпараттық көрсеткіш белгілері қозғаластың белгілі бір режимін енгізеді немесе күшін жояды. Қосымша тақтайшалар бірге қолданылатын жол белгілеріне қосымша ақпарат беруге арналған.
Міне, осы ереже белгілеріне сай жол ережелерін сақтасақ, өзіміздің қауіпсіздігімізді қамтамасыз ете аламыз деген ойдамын.