02
қыркүйек
2025
2025 жылғы 26 тамыз күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған оқыту семинары өткізілді



2025 жылғы 26 тамыз күні Алматы қаласы, Алмалы ауданы бойынша тәрбие ісі жөніндегі директор орынбасарларына арналған оқыту семинары өткізілді. Семинар ҚББМ «Лицей №134» базасында, Алматы қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен өтті.
Семинар тақырыбы:
«2025-2026 оқу жылында білім беру ұйымдарында «Адал азамат» тәрбиелік бағдарламасын енгізу»
Семинар барысында келесі мәселелер қарастырылды:
– «Адал азамат» бағдарламасының мазмұны мен құрылымы;
– Бағдарламаны оқу-тәрбие процесіне ықпалдастыру жолдары;
– Мектептің тәрбие жоспарына ендіру тетіктері;
– Жыл бойғы тәрбиелік іс-шаралар мен жобалар жүйесі.
Семинарға Алмалы ауданындағы барлық жалпы білім беру мекемелерінің тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты. Қатысушыларға әдістемелік нұсқаулықтар мен презентациялар ұсынылды.
Мақсаты:мектептегі тәрбие жұмысын жүйелеу және оқушы тұлғасын жан-жақты дамытуда бірыңғай бағдар ұсыну. #Алматы _ДосболLike # Almaty_Адалазамат #Almaty_Adalazamat # өркен _досболlike