17
қараша
2025
Алматы қаласы Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектепте Тілім менің – ғасырларға аманат” тақырыбында қалалық семинар өтті.




Алматы қаласы Түрксіб ауданы №11 жалпы білім беретін мектепте Тілім менің – ғасырларға аманат” тақырыбында қалалық семинар өтті. Семинарда лицейіміздің білікті де, тәжірибелі ұстаздарымыз іс-тәжірибесімен бөлісті. «Алматының жыл мұғалімі-2021», «Үздік педагог-2025», Халықаралық «Үздік педагог» атағының иегері, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы «Кемелденген тұлға тәрбиелеуде Абай шығармаларының маңызы», Сингапурдан тағылымдамадан өткен информатика пәні мұғалімі Малыбаева Гульмира Адильбаевна «Білім беру саласындағы халықаралық тәжірбие: қазақстандық мектептерге бейімдеу жолдары», қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Кенжалиева Жанар Камбаровна «Оқу үдерісін жетілдірудегі Абайдың «Толық адам» ілімінің маңыздылығы» тақырыбында Абай шығармаларын инновациялық тәсілдер арқылы оқытуда педагогтерге әдістемелік қолдау көрсетті. Шығармашыл ұстаздарға сәттілік тілейміз.