Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтт
19
қаңтар
2026

Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтт


Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті.
Кездесу барысында Алмалы ауданы ПБ-ға қарасты ҚКБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Малдыбаева Айганым Токтасыновна 10–11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Атап айтқанда, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткізу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүрудің құқықтық салдары жан-жақты түсіндірілді. Сонымен қатар бапта көрсетілген тармақтар бойынша ескерту ретінде:
егер адам аталған заттарды өз еркімен тапсырса және оның әрекеттерінде өзге қылмыс құрамы болмаса, қылмыстық жауаптылықтан босатылатыны ерекше атап өтілді.
Кездесу соңында оқушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, нақты әрі пайдалы жауаптар алды. Құқықтық сауаттылықты арттыруға және құқықбұзушылықтың алдын алуға бағытталған мұндай іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табады.