Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » DosbolLIKE – достық пен құрметке негізделген орта
24
қаңтар
2026

DosbolLIKE – достық пен құрметке негізделген орта


Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларға арналған «DosbolLIKE» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен қолдауды дамыту, буллингтің алдын алу және жағымды психологиялық орта қалыптастыру.

Сабақ барысында оқушылар достықтың маңызы, бір-біріне құрметпен қарау, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу және кибербуллингтің алдын алу жолдары туралы ой бөлісті. Пікір алмасу арқылы оқушылардың белсенділігі артты.

DosbolLIKE жобасы – әрбір білім алушы өзін қауіпсіз әрі еркін сезінетін орта қалыптастыруға бағытталған. Лицей ұжымы балалардың жан-жақты әрі үйлесімді дамуына жағдай жасауды басты міндет санайды.

✨ DosbolLIKE – мейірім мен сенім алаңы!