24
қаңтар
2026
Құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді




Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, тәртіп пен қауіпсіздік талаптарын түсіндіру мақсатында тәрбие сағаты өткізілді.
Іс-шараға лицей инспекторы, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Жалын Алтынбекұлы, сондай-ақ лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызы қатысып, оқушыларға тәртіп сақтау және жеке қауіпсіздік тақырыптарында мазмұнды ақпарат берді.
Сабақ барысында күнделікті өмірде кездесетін қауіп-қатерлер, мектеп ережелерін сақтау, жауапкершілік пен өзара сыйластық мәселелері кеңінен түсіндіріліп, оқушылардың сұрақтарына нақты жауаптар берілді.
Мұндай тәрбиелік шаралар оқушылардың саналы азамат болып қалыптасуына, қауіпсіз әрі тәртіпті орта қалыптастыруға ықпал етеді.