26
қаңтар
2026
Бірге – таза орта, бірге – жарқын болашақ!


«Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің лицей парламенті мектеп ауласындағы қар күреу жұмыстарына өз еріктерімен белсенді түрде атсалысты.
Оқушылар ортақ іске жауапкершілікпен қарап, бірлік пен ұйымшылдықтың жарқын үлгісін көрсетті. Мұндай игі бастамалар жастардың еңбекке баулуын, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарауын қалыптастырады.
Аталған іс-шараны ұйымдастырған лицейдің аға тәлімгері Акимов Самат Макарұлына және белсенділік танытқан лицей парламенті мүшелеріне алғыс білдіреміз.
Бірге – таза орта, бірге – жарқын болашақ!