Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың басты жауапкершілігі
26
қаңтар
2026

Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың басты жауапкершілігі


Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың өмірі мен денсаулығын қорғауға, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыруға бағытталған «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді.

Тәрбие сағаты барысында оқушыларға қоғамдық орындардағы қауіпсіздік ережелері, жолда жүру тәртібі, интернет кеңістігіндегі қауіп-қатерлер, төтенше жағдай кезінде өзін дұрыс ұстау жолдары түсіндірілді. Сонымен қатар, бейтаныс адамдармен қарым-қатынаста сақ болу, өз қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарау мәселелері кеңінен қозғалды.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өмірлік маңызды дағдыларды үйрету және саналы, жауапты тұлға тәрбиелеу. Мұндай тәрбие сағаттары лицейде жүйелі түрде өткізіліп, оқушылардың қауіпсіз ортада білім алуына ықпал етеді.
Қауіпсіздік – сақтықтан басталады.