Әлем чемпионы Айбат
10 «Б» сынып оқушысы Олжатай Айбат Тайландтың 🇹🇭 Бангкок қаласында өткен грепплингтен Әлем чемпионатында🥇бірінші орын алып, әлем чемпионы атанды! Осы нәтижемен Айбат 5 дүркін әлем чемпионы атанып, Қазақстанның абыройын халықаралық аренада тағы бір мәрте асқақтатты. Сонымен қатар ол джиу-джитсудан өткен Әлем чемпионатына да қатысып, жүлделі үшінші орынға ие болды. Айбатты үлкен жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! Мақтанышымыз!