Абайтанушы Омар Жалелұлымен кездесу » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Абайтанушы Омар Жалелұлымен кездесу
10
желтоқсан
2021

Абайтанушы Омар Жалелұлымен кездесу

8 желтоқсан С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде «Жаныңда жүр жақсы адам...» атты тұлға-танымдық тағылымды кездесу өтті. Іс-шараны лицей басшылығының бастамасымен «Қоғамдық-гуманитарлық пәндер» кафедрасы және өзін өзі басқару ұйымы ұйымдастырды. Лицей оқушыларымен жүздесуге филология ғылымдарының кандидаты, доцент, дінтанушы, абайтанушы, «Харекет» пен «Жақсы» кітаптарының авторы Омар Жәлелұлы келді.✅

Кешті лицейдің белсенді оқушылары жүргізіп, Омар Жәлелұлына уақыт бөліп келгені үшін алғысын білдіріп, сөз кезегін ұсынды. Кездесу барысында оқушылар сұрақтарын қойып, жауаптарын алды. Бұл жүздесуде қоғамның бүгінгі келбеті, жастар және тіл мәселесі, Абай ілімі, ғылым, тәрбие, тектілік тақырыптарымен әңгіме қозғалды.