21
желтоқсан
2021
Қазақ тілі және әдебиет пәндер кафедрасының онкүндігі
Онкүндік аясында мұғалімдер ашық сабақтар өткізумен қатар сыныптан тыс жұмыстар әр бағыт бойынша дебат-пікірсайысы, мұражайға онлайн саяхат, мәнерлеп оқу, кездесу түрінде ұйымдастырылып өткізілді. А.А. Динабекованың жетекшілігімен "А. Байтұрсынұлының мұражайына саяхат", К.К. Сарымбетованың жетекшілігімен "Әлеуеметтік желі дерт пе, әлде қажет пе?" дебат, "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыруда "А. Байтұрсынұлы - ұлт ұстазы" атты лицей оқушылары арасында мәнерлеп оқу, Ж.М. Байкожаева мен кітапханашы А.К. Ахметовалардың жетекшілігімен Ы. Алтынсариннің туғанына 180 жылдығына орай "Даланың дара ұстазы" атты іс-шара өткізілді. Онкүндіктің салтанатты жабылуында "Ел іші - өнер кеніші" тақырыбында талантты журналист Аман Тасығанмен лицей оқушылары мен ұстаздарының қатысуымен "Ең алғашқы" телебағдарлама негізінде мағыналы да, мәнді кездесу көпшіліктің көңілінен шықты.













