Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
"Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан" кітап көрмесі:
13
желтоқсан
2022
"Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан" кітап көрмесі:
" Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан " кітап көрмесі :   13 желтоқсан күні С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей кітапханасында « Жаса, жайна Тәуелсіз Қазақстан » атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.  Кітап көрмесінің мақсаты: Тәуелсіз Қазақстанның 30 жыл ішіндегі қол жеткен жетістіктерімен таныстыру.  Қаншама құрбандықпен қол жеткен тәуелсіздігімізді құрметтей, қастерлей білуге тәрбиелеу, Қазақстанның келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақыру. Оқушылар бойында отансүйгіштік-патриоттық
5-7 сыныптар аралығында "Жылдам оқы" байқауы
08
желтоқсан
2022
5-7 сыныптар аралығында "Жылдам оқы" байқауы
2022жылдың 25 қазанында оқу-әдістемелік және кітапхана қызметімен бірлескен жұмыс ретінде 5-7 сынып оқушылармен "Жылдам оқы" байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты: оқушылардың оқу жылдамдығын тежейтін қиындықтар мен  кедергілерді анықтау мен жою жолдарын жинақтау және  жеңімпаздарды анықтау. Байқау "Оқуға құштар мектеп" жобасы негізінде ұйымдастырылып өткізілді. Осы орайда осы аптада 5сыныптар арасында өткізіліп, 14 оқушы қатысты. Әділ-қазі алқасы мүшелері: Турапбекова С.С., Сарымбетова К.К.,
Мұхтар Әуезовтың 125 жыл толуына орай кітап көрмесі
08
желтоқсан
2022
Мұхтар Әуезовтың 125 жыл толуына орай кітап көрмесі
С.А.Ходжиков атындағы 39 мамандандырылған лицейінде  2022 жылы қараша айының 7-ші күні мектеп кітапханасында оқушылардың қатысуымен    кітапханашы   Ақбердинова А.Е. ұйымдастырумен Мұхтар Әуезовтың 125 жыл толуына орай көрме жасалып,оқырмандарға  көрме туралы хабарлама жүргізді. Көрмеге  5-11 – сынып оқушылары қатысты.    
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
08
желтоқсан
2022
«Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны
5 қазан күні  «Кітап оқы айдары» акциясы аясында «Оқы, талқыла, өзгеге ұсын...» атты кітап оқу марафоны:   Кітап оқуды насихаттау,  оқуға шақыру, жас ұрпақтың бойына ұлтжандылық, елжандылық қасиеттерін сіңіру және патриоттық тәрбие беру мақсатында ұйымдастырылған шараға мектеп оқушылары қатысты. Қатысушылар биылғы жылы ел болып  оқыды ұсынылған Ш. Құдайбердіұлының «Ұш анық», Б. Момышұлының «Ұшқан ұя», Н. Келімбетовтың «Үміт үзгім келмейді» шығармашыларының өзектілігі  мен маңыздылығы, тәрбиелік
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
08
желтоқсан
2022
«Бірге кітап оқиық» атты эстафета өтті.
  2022 жылдың 7- желтоқсан   күні  «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында мектеп кітапханасында 5-7 сынып оқушылары арасында «Бірге кітап оқиық» эстафетасы өтті. Эстафета мақсаты- оқушылар арасында кітап оқуға деген құштарлығын арттыра отырып қызығушылығы мен махаббатын ояту.  5 А сынып оқушылары Қасым Қайсеновтың «Жау тылындағы бала» повесін таңдап, оқып, талдап келесі эстафета таяқшасын 5  Б  сынып оқушыларына тапсырды.
ҚР спорт шеберімен кездесу.
08
желтоқсан
2022
ҚР спорт шеберімен кездесу.
02.12.2022 лицейімізде танымал тұлғамен кездесу өтті.Ал қонағымыз Қазақстан Республикасының спорт шебері,бірнеше дүркін әлем чемпионы - Кебіспаев Алмат Қабдрешұлы. Кездесуде оқушыларды қызықтырған сұрақтар қойылып соңы 5 «Г» сынып оқушылары дайындаған концерттік номермен жалғасты!
“Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты тақырыбында TED’x жобасы саясында пікірталас
02
желтоқсан
2022
“Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты тақырыбында TED’x жобасы
30.11 күні кітап оқудан тарих пәні мұғалімі Утенова Мадина Жамаладиновна 9”А” сыныбымен пікірталас ұйымдастырды.Бұл пікірталас TED’x жобасы саясында өткізілді.Оқушылар “Финляндия- Ақ лалагүлдер мекені” атты кітапты оқып, Финляндия мемлекетіндегі оқу саласы мен Қазақстандағы оқу саласын салыстырды.
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
30
қараша
2022
Біз қоршаған ортаны қорғаймыз!
Құрметті оқушылар! Біз қоршаған ортаны,табиғатты қорғау мақсатында арнайы 2 қоқыс жәшіктерін қойдық🗑️ Бірі макулатураға арналған болса,екіншісі пластикке арналған. Қазіргі таңда адамзат табиғаттың көптеген ресурстарын пайдаланып жатыр.♻️ Ал ол ресурстар сарқылады. Табиғатты сақтап қалу мақсатында,біз,яғни адамзат әрекет етуіміз керек.🦸 Ал соның бірі қарапайым қоқыстарды бөліп, жинап,оны қайта өткізу. Оқушылар,сіздерден сұрайтынымыз-шыққан қоқыстарыңызды бөліп,осы 2 қоқыс жәшіктеріне салу.
“Әуенді күн”(Musical day)
30
қараша
2022
“Әуенді күн”(Musical day)
Құрметті оқушылар! Бізде жақсы жаңалық бар) Сіздердің қалауларыңызбен әр бейсенбі біздің мектепте “Әуенді күн”(Musical day) өткізілетін болады.Ол күні әртүрлі қазақша өлеңдерді үзіліс кезінде қосамыз. Егер де жақсы әуендерді білсеңіздер,өз ойларыңызбен бөлісе кетіңіздер!
Лицейімізде ашық жәрмеңке
25
қараша
2022
Лицейімізде ашық жәрмеңке
Лицейімізде 23.11 - 24.11 аралығында, сәйкесінше 7-8 және 9-10 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде оқушылар өздері үйден дайындап әкелген тағамдар мен тәттілерден құралды. Бұл іс-шара өзіне тек қана алып-сатуды ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық жасауды енгізеді. Яғни, әр сынып жәрмеңкеден түскен қаражаттың өздері қалаған бөлігін қайырымдылық қорына өткізді. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып, жақсы іс жасауға деген зейіндерін де ашты🙌 Ең бастысы лицейіміздің оқушылары бұл