Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
09
қазан
2023
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПЕДАГОГТЕР СЪЕЗІ
Биылғы жылдан бастап алғаш 5 қазанда ресми түрде аталып өткен Ұстаздар күні қарсаңында еліміздің барлық өңірлерінен шақырту алған 700-ге жуық ұстаздар І республикалық педагогтер съезіне қатысу үшін елордада бас қосты. Еліміздің президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өз баяндамасында ұстаз қауымына жылы тілегін білдіріп, оқытуға енгізілетін 7 актуалды мәселені көтерді. Әрқайсысына жеке тоқталып, бастаманы жүзеге асыру тапсырылды. Атап айтқанда, ауылдық жерлер мен қала мектептері арасындағы білім сапасы,
«Үздік білім беру ұйымы-2023 жыл»
09
қазан
2023
«Үздік білім беру ұйымы-2023 жыл»
Алматы қаласының әкімдігінің ұйымдастыруымен 2015 жылдан бері «Үздік білім беру ұйымы» конкурсы өткізіліп келеді. Биылғы яғни 2023 жылдың конкурс нәтижесі бойынша білім ордасының қара шаңырағы «С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей» жеңімпаз атанып, қала әкімдігі атынан 56 млн теңге көлеміндегі грант иегері болдық. Айтулы жеңіспен лицейіміздің ұжымын шын жүректен құттықтай отырып, алар асуымыз бұдан жоғарылап, лицейіміздің абыройы арта берсін дегіміз келеді. Жеңіс құтты болсын!
«Marseille open» турнирінде алтын медаль!
25
қыркүйек
2023
«Marseille open» турнирінде алтын медаль!
Францияның Марсель қаласында WKF каратэ спортынан өткен Халықаралық «Marseille open» турнирінде 13-14 жас категориясында лицейіміздің 8 «ә» сынып оқушысы Мұрат Арлан 1-орын 🥇 иеленіп алтыннан медаль тағылды, құттықтаймыз!🇰🇿
«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп алды.
16
қыркүйек
2023
«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп
Алматы қаласы білім басқармасы Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандандырылған лицей Дарын орталығының 25 жылдық мерейтойына орай Сүлеймен Демирел университеті қабырғасында өткізілген республикалық тамыз педагогикалық конференциясында 📣«Ең үздік мамандандырылған білім беру ұйымы 2023» статуэткасын жеңіп алды. Барша ұжымды тағы бір жетістікпен құттықтай отырып, алдағы уақытқа толағай табыстар мен жеңісті күндер тілейміз!
FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысында жартылай финалға өтті.
13
қыркүйек
2023
FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысында жартылай
39 лицейдің оқушылары Астана қаласында қыркүйектің 6-9 дейін өткен FIRST GLOBAL CHALLENGE Central Asia робототехника жарысына қатысып, екі техникалық номинация иегері атанды. Callisto 2.0 құрама командасының мүшелері Маликов Мейіржан, Амангелді Әділжан және Қазбекова Амина KazGASA мектебімен бірлесе отырып, “The best engineering documentation award”, лицей оқушысы Сүлеймен Ескендір American Space Almaty атынан “Innovation in engineering award” жетістігіне жетті! Жарыс соңында жартылай финалға
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
12
қыркүйек
2023
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді.
Алматыдағы тоғызқұмалақшылар Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бүгін, 9 қыркүйек – “Тоғызқұмалақ”мерекесі күніне орай Алматыда жаппай ойын өтті, оған 2028 оқушы қатысты. Мектебіміздің оқушылары: Қорабай Адема Иманали Саида Кинерал Енлик Мекембай Алинұр Қабылтай Нұрлыхан Қуан Ағыбай Бауыржанқызы Елигай Шайыхова Камила Алтай Дінмұхаммед Адильханов Алибек қатысып үздік өнер көрсетіп, Қазақстанның Гиннестік рекордттар кітабына енді. Тоғызқұмалақ үйірмесінің жетекшісі Айнабекова Гульсум Нурлановна.
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры  марапатталды
16
тамыз
2023
Дарынды балаларды оқытуда елеулі үлес қосқан үшін лицей директоры
Лицейіміздің директоры Найла Тоқтамұратқызын кезекті медальімен құттықтаймыз, деніңізге саулық, отбасыңызға амандық, жұмыста үлкен табыстар мен жетістіктер тілейміз!  
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері»
04
шілде
2023
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері»
«Қазақстанның 100 үздік олимпиада мектептері» рейтингісі жасалды. 📊Жалпы пәндік олимпиада негізінде жасалған рейтингте лицейіміз Қазақстанның мектептері арасында 75-орынға жайғасты. Бұған дейін бұл олимпиада негізінде лицейіміздің оқушылары республикалық кезеңде 🥈1 күміс, 🥉2 қола медаль жеңіп алған болатын. Құрметті ұжым және оқушылар мен ата-аналар, лицейіміздің абыройы асқақтап, жеңістің шыңдарын бағындыра берейік!
Дзю-до халықаралық біріншілігінде 1-орын
18
мамыр
2023
Дзю-до халықаралық біріншілігінде 1-орын
Лицейіміздің 8-сынып оқушысы Тұрарбек Нұрлыжан Дзю-до халықаралық біріншілігінде өз салмағында 1-орын алып, Алтын медаль иеленді, құттықтаймыз!
«Эстетикалық гимнастика»бойынша республикадан 1-орын
18
мамыр
2023
«Эстетикалық гимнастика»бойынша республикадан 1-орын
Лицейіміздің 11 «А» сынып оқушысы Абибулла Саним «Эстетикалық гимнастика»бойынша республикадан 1-орын алды, құттықтаймыз!