Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 22
“Әуенді күн”(Musical day)
30
қараша
2022
“Әуенді күн”(Musical day)
Құрметті оқушылар! Бізде жақсы жаңалық бар) Сіздердің қалауларыңызбен әр бейсенбі біздің мектепте “Әуенді күн”(Musical day) өткізілетін болады.Ол күні әртүрлі қазақша өлеңдерді үзіліс кезінде қосамыз. Егер де жақсы әуендерді білсеңіздер,өз ойларыңызбен бөлісе кетіңіздер!
Иммунитетті әлсірететін тамақтану әдеттері
28
қараша
2022
Иммунитетті әлсірететін тамақтану әдеттері
Иммунитеттің жұмысы көптеген факторларға байланысты. Оған күйзеліс, ұйқы сапасы, экология және тамақтар мен сусындар әсер етеді. Кей тамақтану әдеттері иммунитетті әлсіретіп жібереді. Сондықтан егер иммунитетіңізді тонуста ұстағыңыз келсе, рационыңызды түзеткен жөн. Рационда қанттың көп болуы Қанттың көп мөлшері жұқпамен күресуге қатысатын жасушалар — лейкоциттерге жағымсыз әсер етеді. Сондықтан рациондағы қанты бар өнімдерді барынша азайтуға тырысыңыз. Рационда тұздың көп болуы Тұз да қант
Лицейімізде ашық жәрмеңке
25
қараша
2022
Лицейімізде ашық жәрмеңке
Лицейімізде 23.11 - 24.11 аралығында, сәйкесінше 7-8 және 9-10 сыныптар арасында жәрмеңке өткізілді. Жәрмеңкеде оқушылар өздері үйден дайындап әкелген тағамдар мен тәттілерден құралды. Бұл іс-шара өзіне тек қана алып-сатуды ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық жасауды енгізеді. Яғни, әр сынып жәрмеңкеден түскен қаражаттың өздері қалаған бөлігін қайырымдылық қорына өткізді. Бұл балалардың қызығушылығын арттырып, жақсы іс жасауға деген зейіндерін де ашты🙌 Ең бастысы лицейіміздің оқушылары бұл
Лицейімізде ашық жәрмеңке
21
қараша
2022
Лицейімізде ашық жәрмеңке
Қайырлы күн құрметті оқушылар! Жақын арада лицейімізде жәрмеңке өтетінін хабарлаймыз. Өткізілу күні: 23.11 (7-8 сынып), 24.11 (9-10 сынып) Жалпы шарттары: 1. Жәрмеңкеге қойылатын тағамдар үйде дайындалған болуы керек (сатып алынған тағамдарды қоюға тыйым салынады!). 2. Қатысушы сыныптардың әрқайсысы кемінде 1 сусын ұсыну керек (газдалмаған). 3. Тағамдардың бағасы 300 теңгеден аспауы керек. (Артық болған жағдайда, ол тағам жәрмеңкеге өткізілмейді!) 4. Бағалау тағам сапасына сай болуы тиіс. Тыйым
"Томирис" фильмін көруге шақырамыз.
15
қараша
2022
"Томирис" фильмін көруге шақырамыз.
Құрметті 7 сынып оқушылары! Сіздерді тарихи "Томирис" фильмін көруге шақырамыз. Өзіміздің тарихымызға бір шолу жасайық! Өтетін жер: Мәжіліс залы (АКТ зал) Күні: 16.11. Уақыты: 14:00
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
09
қараша
2022
Дұрыс тамақтану: Рационда болуы қажет 12 көкөніс
Көптеген зерттеулер жаңа піскен көкөністер ағзаның жалпы жағдайына, көңіл күйіне және сыртқы келбетіне жағымды әсер ететінін дәлелдеп отыр. Көкөністер созылмалы аурулар қаупін төмендетеді. Олардың ағзаға жетіспеуі күйзелістің пайда болуына ықпал етеді. Бұл жағдай орын алмас үшін күніне 5 көкөністен аз жемеу керек. Сондай-ақ, көкөністерді балғын түрінде немесе буға піскен күйінде жеу маңызды. Кез келген адамның тамақтану үлесінде (рацион) болуы керек көкөністерді ұсынамыз. Ең пайдалы көкөністер:
Пайдалы тағамдар
09
қараша
2022
Пайдалы тағамдар
Денсаулық мықты болу үшін пайдалы тағамдармен тамақтану керек. Пайдалы тағамдар кешенді және арнайы деп бөлінеді. Бұл жолы назарларыңызға әр ағзаға өзінше пайдалы болатын тағам түрлерін ұсынамыз. Миға: Арқан балық, тунец, сардина мен грек жаңғағы. Бұлшық еттерге: жұмыртқа, соя сыры, қызыл балық. Ал бұлшық еттеріңіз ауырса банан жеген дұрыс. Өкпеге: брокколи, брюссель орамжапырағы, қытай орамжапырағы. Теріге: қаражидек, лосось, көк шай. Шашқа: қара-жасыл көкөністер, фасоль, лосось. Көзге:
"Мобильный взгляд :один день из лета" атты челлендж
01
қыркүйек
2022
"Мобильный взгляд :один день из лета" атты челлендж
01.06.2022-31.08.2022ж аралығында Республикалық "Мобильный взгляд :один день из лета" атты челлендж өткізілді. Бұл материалды дайындаған лицейіміздің 10 "ә" сынып оқушысы Коробай Еркебұлан.
11 «Б» сынып оқушысы Төлегенұлы Исатай 🥇 «Әлем чемпионы» атанды
26
тамыз
2022
11 «Б» сынып оқушысы Төлегенұлы Исатай 🥇 «Әлем чемпионы» атанды
Болгария елінде жасөспірімдер арасында таэквандодан өткен жарыста лицейіміздің 11 «Б» сынып оқушысы Төлегенұлы Исатай 🥇 «Әлем чемпионы» атанды, құттықтаймыз!!!👏🏻👏🏻👏🏻  #39лицей #чемпионмира #таэквондо #спортсмен