Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
14
ақпан
2024

Ашық сабақтар айлығы





24.01 күні информатика мұғалімі, жас маман Есен Таңшолпан Құдайбергенқызы 6 “Ә” сыныппен “Мәліметтер типтері” тақырыбымен ашық сабақ өтті. Оқушыларды classroomscreen платформасымен “Integer”, “Float”, “Boolean” деген 3 топқа бөлді. Сабақты бастамас бұрын бір-біріне жақсы тілектер айтылды. “Жасанды интеллект” қойған сұрақтарына жауап беру арқылы үй тапсырмалары тексеріліп, “1 доллар”- 1 балмен бағаланды. Жаңа білімді меңгертуде үлгі ретінде бағдарлама жазып көрсетіп, Learningapps. org-та берілген тапсырмалаларды топпен орындап, қателерін түзету жұмыстары боллы. 2-тапсырма топтың ішіндегі жұптық жұмыс, дескриптор: мәліметтер типтерін дұрыс сәйкестендіру; мәліметтертер типтерін ажырата алу барысы 2- балмен әр жұп бағаланды. 3-тапсырма компьютерде тәжірибелік жеке жұмыстарында type() функциясын қолданса, қандай деректер типін ала алады, осы бағытта тапсырмаларды оқушылар жеке-жеке орындап тәжірибелік дағдыларын көрсетті. Оқушылардың өзін-өзі бағалауда жинаған долларларын есептеп, кері байланыс жасауда тест тапсырмаларын https://onlinetestrad.com платформасына Qr кодпен кіріп орындады. Жас маман болса да ізденісін, педагогикалық біліктілігін мұғалім көрсете білді.

Похожие публикации:

27 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлығы
15 желтоқсан 2023 Ашық сабақтар айлағы