Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Қоңырқожа Қожықов - Ұлттық элитаның көрнекті өкілі."атты кітап жарық көрді
03
ақпан
2025

“Қоңырқожа Қожықов - Ұлттық элитаның көрнекті өкілі."атты кітап жарық көрді



2025 жылғы 31 қаңтар, сағат 11:00-де ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің “Орталық мемлекеттік архив” республикалық мемлекеттік мекемесі тарих ғылымдарының докторы,
Х. Тұрсұнның, Қазақстанның “Әділет” тарихи-ағарту қоғамының ғылыми хатшысы С.Қ. Қожықованың және Қ.А. Ясауи атындағы ХҚТУ докторанты Х.Астың құрастыруымен жарық көрген “Қожықов Қ. Шығармалары. -Алматы: “Арыс” баспасы, 2023 - 356 бет”, “Қоңырқожа Қожықов - Ұлттық элитаның көрнекті өкілі. - Алматы: “Қазақ тілі” баспасы, 2024 - 304 бет + 16 бет жапсырма” атты жинақтардың таныстырылымы өткізіліп, кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті.
Бұл рәсімге лицей оқушылары да қатысып, біздің лицей ұстаздары мен оқушылары үшін маңызды болып табылатын шараның куәгері болып қайтты. Жинақ туындыларымен мектебіміздің мұражайын толықтырып, оқушыларымыздың туындыларды оқып, танып-білуін қамтамасыз ету - басты парызымыз болмақ