Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде “Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілд
10
ақпан
2025

Лицейде “Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілд




Алматы қ. ББ “ҚББЖТҒӘО” тарапынан “Функционалдық сауаттылық құзіреттілік” орталығы жұмыс істейді. Жоспарға сәйкес Алмалы ауданы бойынша мектептердің пән мұғалімдерімен өзара тәжірибелерімен алмасу мақсатында №39 лицейдің ұйымдастыруымен 2025 жылдың 31.01 күні “Функционалдық сауаттылық – білім сапасын жетілдірудің негізгі бағдары» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. №55, 67, 135 мектептердің математика, информатика, қазақ тілі, география, биология пән мұғалімдері және қаламыздың ЖОО студенттері мен Абай ат. АМУ оқытушысы да қатысып, өзекті мәселелер аясында ой-пікірлерімен бөлісті.
Мақсаты: ФС-тың білім сапаны көтеруде тиімділігі, ФС қалыптастыруда іс-тәжірибелерімен бөлісу.

Осы орайда:
1. Алмалы ауданының ФС құзіреттілік орталығы жұмысына жауапты №39 лицей ДББОЖ орынбасары
Г.Б. Сартбаева дөңгелек үстел жоспарын жасап, мектептің фС бойынша жоба жұмыстарымен таныстырып, жобалау технологиясымен жұмыс бағыттарының жалпы және әр пәннің иерархиялық құрылымдарының жинағын қатысушы қонақтарға ұсынды.

2. Қатысуға келген пән мұғалімдерінің ортақ мәселелерін анықтау мақсатында Химия пәнінің мұғалімі Г.И.Бидайбекованың құрастыруымен және биология мұғалімі М.И. Максудованың “webask” формасында ұсынған сауалнамалар алынды.

3.Физика мұғалімі Омарғали А.М. экранға дайындаған пікіралмасу сұрақтарында түйткіл мәлелер, ФС-тың оқушылардың білім сапасына әсері, білім беруде маңыздылығы туралы пікірлерімен бөлісіп, ой-тұжырымдар жасалды.

4. Қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі
А.А. Динабекованың құрастыруымен математиканың өмірде, әр саладағы маңыздылығы бойынша құрастырған есептік-жағдаяттық сауалдар үлестіріліп, шешімін тауып, ФС-тың сапалы білім берудегі орнын анықтап берді.

5. Қорытындыда география мұғалімі Зарипова Ш.К., химия мұғалімі Бексұлтан Б.Б. және Динабекова А.А., Омарғали А.А. ашық сабақтар, сыныптан тыс жұмыстарында ФС-ты қалай жүзеге асырып жатыр деген бағытта іс-тәжірибелерімен бөлісті.

6. Математика мұғалімі Сеитова К.А. құрастырған рефлексия арқылы қонақтар іс-шаралардың қорытындысын шығарып, бағасын берді.
Іс-шарада тәжірибелерімен бөліскен ұстаздарға және аудан мектептерінің ұстаздарына алғысымызды білдіреміз