Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Денсаулық күніне орай лицейімізде 5-9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысқан спорттық іс-шара ұйымдастырылды.
21
сәуір
2025

Денсаулық күніне орай лицейімізде 5-9 сынып оқушылары белсенді түрде қатысқан спорттық іс-шара ұйымдастырылды.



с Бұл күні оқушылар арнайы бекітілген дене шынықтыру нормативтерін орындап, өздерінің шымырлығы мен төзімділігін сынап көрді. Іс-шара аясында түрлі спорт түрлері қамтылды: ұзындыққа секіру, белгілі бір қашықтыққа жүгіру, қолды бүгіп-жазу, секіртпемен секіру және басқа да жаттығулар орындалды. Мұндай белсенділік оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Лицей ұжымы бұл күнді тек физикалық дайындықты шыңдау емес, сонымен қатар денсаулықтың адам өміріндегі басты байлық екендігін түсіндіру мақсатында өткізді.