Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тренингі
30
сәуір
2025

«Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тренингі



«Болашақ мұғалімнің кәсіби және тұлғалық дамуына педагогикалық практиканың әсері» тренингі
2025 жылғы 23 сәуірде Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология факультетінде Қазақ тілі теориясы және оны оқыту әдістемесі кафедрасының ұйымдастыруымен маңызды тренинг өтті.

Шараға кафедра меңгерушісі, ф.ғ.д., доцент Ильясова Нағима Абзелбекқызы,
ф.ғ.д., профессор Таңжарықова Алуа Василийқызы,
PhD доктор, аға оқытушы Балабекова Қатира Шахманқызы,
тарихшы-ұстаз Досымбекова Меруерт Қазақбайқызы,
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Аманов Нұржігіт Бердібекұлы, Кенжалиева Жанар Қамбарқызы, Динабекова Алина Айбекқызы, сондай-ақ 4-курс студенттері Жартыбай Қымбат Мәуленқызы мен Маликова Улжан Түзелқызы қатысып, құнды тәжірибемен бөлісті.

Тренингтің модераторы – PhD доктор, аға оқытушы Балабекова Қатира Шахманқызы. Ол – кәсіби шеберлігімен, студентке деген жанашырлығымен ерекшеленетін ұлағатты ұстаз. Тренингке қатысқан студенттердің басым бөлігі оның жетекшілігімен педагогикалық практикадан өтіп, ұстаздық жолға үлкен дайындықпен қадам басты.

Қатира Шахманқызының білім беру ісіне қосқан еңбегі ерекше бағаланып, университет ректоры тарапынан Алғыс хатпен марапатталды. Бұл – оның ұстаздық жолдағы адалдығы мен шәкірт тәрбиесіндегі табандылығының айғағы.

Сонымен қатар, 3-курс студенттері тренингтен кейін кері байланыс беріп, шараның кәсіби тұрғыда өздеріне мол әсер еткенін, шабыт пен сенім сыйлағанын атап өтті.

Шара аясында тәжірибе мен идея алмасу, кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстары нәтижелі өтті.