13
тамыз
2025
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!



Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!
2025 жылдың 12-тамызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты республикалық педагогикалық тамыз конференциясы аясында өткен III және IV шығармашылық семинарларға лицейіміздің математика пәні бойынша тренер Асқар Аманжол және математика пәні мұғалімі Молдаханова Гулназ қатысты.
Біздің ұстаздар «Пәндік олимпиадаға жүйелі және тиімді дайындық» тақырыбында өз іс-тәжірибелерін кейс-стади форматында өткізді.
III шығармашылық семинардың мақсатты аудиториясы – мамандандырылған білім беру ұйымдарының орынбасарлары.
IV шығармашылық семинардың мақсатты аудиториясы – мамандандырылған білім беру ұйымдарының орынбасарлары мен тәжірибелі педагогтері.
Семинарда нақты тәжірибеден алынған тиімді әдістер, оқушылардың жетістікке жету жолдары және жүйелі дайындықтың маңызы талқыланды.
Алдағы уақытта да біз дарынды оқушылардың әлеуетін ашып, білім мен бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу жолында еңбек етеміз!