Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты тамыз конференциясы
21
тамыз
2025

«Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты тамыз конференциясы







2025 жылдың 13 тамызында Сүлеймен Демирель атындағы университетінде «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты мамандандырылған білім беру ұйымдарының қызметкерлеріне арналған республикалық педагогикалық тамыз конференциясы өткізілді. Қазақстанның білімпаз оқушылары әлемді мойындатып, халықаралық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары атанып, еліміздің мәртебесі мен беделін көтеруде.
Осы оқушылардың қатарында біздің де шәкіртіміз білімімен танылып келеді.
Халықаралық, республикалық, қалалық олимпиадалардың жүлделі 🥇🥈🥉орындарының жеңімпазы:
1. Жәутіков олимпиадасының 2 дүркін қола медаль иегері🥉🥉;
2. Халықаралық «Туймаада» олимпиадасының күміс медаль иегері🥈;
3. Қыздарға арналған Еуропалық математикалық олимпиадасының (EGMO) қола медаль 🥉иегері Алматы қаласы білім басқармасының «С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі» КММ-нің 11 сынып оқушысы ҚАЙРАТ АРУЖАН “Бір мақсат, мың қадам: Жеңіске жетер жол” тақырыбында өзінің халықаралық олимпиадаларда жеткен жетістіктерімен бөлісіп, конференцияда сөз сөйлеп, мектеп табалдырығынан биік мінбеден көріне білді. (Тренер жетекшілері: Кабаев М.К., Асқар А.)
Сонымен қатар, лицей ұжымы Білім саласындағы көп жылғы адал еңбектері және шәкірттерінің олимпиадалардағы жоғары нәтижелері мен ел біліміне қосқан зор үлестері үшін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының АЛҒЫС ХАТЫМЕН марапатталды!
Құрметті ұстаздар, лицей ұжымы, марапаттарымыз құтты болсын! Толассыз жетістіктеріміз, жеңістеріміз көп болсын!