24
қаңтар
2026
Белсенділік пен өнер — табысты болашақтың негізі!




Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде белсенді әрі өнерлі оқушылардың шығармашылық және қоғамдық бағыттағы жұмыстары жүйелі түрде қолдау табуда.
Лицей оқушыларының түрлі байқауларға, іс-шаралар мен жобаларға белсенді қатысуына, шығармашылық қабілеттерін дамытуына лицейдің аға тәлімгері Акимов Самат Макарұлы үнемі бағыт-бағдар беріп, қолдау көрсетіп келеді. Оның жетекшілігімен оқушылар өз таланттарын шыңдап, бастамашылдық танытып, лицей өміріне белсене араласуда.
Белсенділік пен өнерді ұштастырған бұл жұмыстар — оқушылардың тұлғалық дамуына, жауапкершілік пен шығармашылық ойлауын қалыптастыруға зор үлес қосады.
Осындай жүйелі еңбектің нәтижесінде лицей оқушылары түрлі деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізуде.