Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Лицейде шығармашылық кездесу өтті
24
қаңтар
2026

Лицейде шығармашылық кездесу өтті




Оқушылардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және өнерді насихаттау мақсатында лицейімізде кітапханашының ұйымдастыруымен жазушылардың, ақындардың, суретшілердің, өнер адамдарының және танымал жерлестеріміздің қатысуымен шығармашылық кездесу өткізілді.

Кездесу барысында кітапханашы қонақтарды таныстырып, олардың шығармашылығына шолу жасап, оқушыларды әдебиет пен өнер әлеміне жетеледі. Қонақтар өз өмір жолы, шығармашылық ізденістері мен жетістіктері туралы әңгімелеп, оқушылардың сұрақтарына мазмұнды жауап берді.
Шара жас ұрпаққа рухани азық беріп, кітап оқуға деген ынтаны арттырумен қатар, шығармашылық қабілетті дамытуға үлкен серпін берді. Осындай мазмұнды кездесулерді жүйелі ұйымдастыруда лицей кітапханашысының еңбегі зор.

✨ Лицей ұжымы алдағы уақытта да кітапханашының бастамасымен оқушыларға тағылымы мол шығармашылық шараларды жалғастыра бермек.