Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Сыныптың үздік оқырманы» байқауы
24
қаңтар
2026

«Сыныптың үздік оқырманы» байқауы




Лицейде оқушылардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру, оқу мәдениетін қалыптастыру мақсатында кітапханашының ұйымдастыруымен «Сыныптың үздік оқырманы» атты танымдық әрі қызықты байқау өткізілді.
Байқау барысында оқушылар өздерінің оқыған кітаптары бойынша білімдерін көрсетіп, сұрақтарға белсенді жауап берді, шығармашылық тапсырмалар орындады. Жарыс тартысты әрі қызықты өтіп, қатысушылардың кітапқа деген сүйіспеншілігі мен зияткерлік қабілеті айқын көрінді.

Шара оқушыларға көтеріңкі көңіл күй сыйлап, кітап оқудың маңызын терең түсінуге мүмкіндік берді. Осындай мазмұнды әрі пайдалы байқауларды ұйымдастыруда лицей кітапханашысының еңбегі зор.

✨ Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар алғыс хаттармен марапатталды.