26
қаңтар
2026
Ашық сабақтар айлағы




Онкүндік аясында 21.01 күні Караева Нұрсәуле Болатханқызы қазақ тілі пәнінен өте ерекше ашық сабақ өтті. 7 «А» сынып оқушыларымен бірге қазіргі қоғамның өзекті мәселесі — «Әлеуметтік желінің пайдасы мен зияны» тақырыбын талқылады. Сабақ барысында жауапкершілік, бірлік және цифрлық мәдениет секілді құндылықтар назардан тыс қалмаған. Ең алдымен «Жүректі тазарту» психологиялық ахуалымен басталып, оқушылардың жағымсыз көңіл-күйден арылып, сабаққа зейін қоюына жағдай жасалды. Wordwall платформасы арқылы үй тапсырмасы пысықталып, заманауи технологиялар тиімді қолданылды. Сабақтың мақсаты мен тапсырмалары бір-бірімен өзара байланыста, оқушылардың тыңдалым, оқылым, жазылым және айтылым дағдыларын кешенді дамытуға бағытталған. Оқушылар себеп-салдар жалғаулықты шылауларды қолдана отырып, ғаламтордың оң және теріс тұстарын «Подкаст-дебат» форматында шебер қорғап шықты. Мәтіндегі тірек сөздерді синонимдермен алмастыру арқылы оқушылардың сөздік қоры мен жинақы мәтін жазу дағдылары ұштастырылды. Жалпы, ашық сабақ жоғары деңгейде ұйымдастырылған.
Нұрсәуле Болатханқызына осындай шығармашылық жаңашылдығыңыздан танбай, биік белестерді бағындыра беріңіз демекпіз. Ұстаздық жолыңыз сәтті болсын!