Ашық сабақтар айлығы
8.01 күні математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы 8 “А” сыныбының 1-тобымен геометриядан “Параллелограмның ауданы” тақырыбымен өткен ашық сабағында оқу және сабақ мақсатына сай өз пікірін білдіре алу, өзіндік шешімін қалыптастыру, бірі-бірінің пікірлерін құрметтеу, тыңдай алу құндылығына сабақ жоспары құрылды. Топқа бөлу өткен тақырыпты қайталаумен байланыстырылып, сурет бөліктерін құрастыру арқылы “Пазл” әдісімен жүзеге асырылды. Жаңа білім беруде мұғалім оқушыға жетелеуші сұрақтар қою