Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Шығармашыл ұстаздан - шығармашыл оқушыға” жобасы
22
қараша
2024

“Шығармашыл ұстаздан - шығармашыл оқушыға” жобасы




Лицейдің “Шығармашыл ұстаздан - шығармашыл оқушыға” жобасы аясында математика мұғалімі Гүлназ Бейсенқызы Молдаханованың  жетекшілігімен оқушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыруда, алған білімдерін өмірде қолдана алатын жағдайда білімді меңгертуде “Медицинада математиканың маңыздылығы” тақырыбы аясында  дхәрігердің түсіндіруі мен формулаларды қолдану арқылы 6 «В» сынып оқушысы Амангелді Айқаракөз өзінің мектепте алған білімін медицинада қолдануға мүмкіндік алды. Бұл көрсетілім функционалдық сауаттылықтың қаншалықты маңызды екенін айқындап, оқушыларға нақты өмірлік жағдайларды шешуге мүмкіндік береді.
Айқаракөз бұл жұмыс барысында:
•    Математиканың медицинадағы рөлін тереңірек түсінді.•    Формулаларды қолданудың практикалық маңыздылығын ұғынды.•    Медицина саласындағы есептерді шешу арқылы математикалық білімін қолдана отырып, математикаға қызығушылық танытты.Бұл жұмыс оқушыларға білімдерін тек мектеп пәні ретінде емес, өмірдің түрлі салаларында қолдануға шабыт береді. Сонымен қатар, бұл математика тек ғылыми ұғымдар жиынтығы емес, күнделікті өмірдің ажырамас бөлігі екенін дәлелдейді.
Мұндай тапсырмалар оқушылардың білімге деген көзқарасын өзгертеді және олардың шығармашылық қабілеттерін дамытады. Айқаракөздің мысалы басқа оқушыларға да білімдерін өмірде қолдануға шабыттандырады.