Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Қалалық семинардың ІІ бөлімі “ІЗДЕНІС. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЕБЕРЛІК.”, мұғалімдер өз тәжірбиелерімен бөлісті
11
мамыр
2025

Қалалық семинардың ІІ бөлімі “ІЗДЕНІС. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЕБЕРЛІК.”, мұғалімдер өз тәжірбиелерімен бөлісті














Қалалық семинардың ІІ бөлімі “ІЗДЕНІС. ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ. ШЕБЕРЛІК.”, яғни физика, биология, химия, география, математика, информатика пәндерінің мұғалімдері іс-тәжірибелерімен бөлісті, 7-11 сыныпоқушылар топтарымен өткізген іс-шараларда балалар, білімгерлеріміз белсенділіктерін жоғарыдан көрсете білді.
Семинар барысы:
1. “Физика пәнінде PBL әдісін қолдану арқылы оқушылардың ФС дамыту” пән мұғалімдері Наукенов Д.Д., Болат Д.Б. Жобалап оқыту сабағы.
2. “Климат және тіршілік: табиғи жүйелердің өзара байланысы” пәндер интеграциясы зияткерлік сабағы
География мұғалімі Зарипова Ш.К.
Физика мұғалімі Омарғали А.М.
Биология мұғалімі Максудова М.И.
3. “Зертханалық жұмыстар - оқушылардың ФС қалыптастыру құралы” химия мұғалімі Бексұлтан Б.Б. Шебер-сынып.
4. “Тұрақты даму мақсаттарын география сабағында жүзеге асырудың практикалық әдістері” география мұғалімі Естемесова А.Т. Тәжірибелік сабақ.
5. “5-6 сыныптың мәтіндік есептерін шығаруда сандық технологияның рөлі” математика мұғалімдері Құрақ М.Ш., Құрақ Г.Ш. Тәжірибе алмасу.
6. “Математиканың өмірде қолданылуы - маңызды дағдылардың бірі” математика мұғалімі Өмірзақ М.Қ. Шеберлік сабақ.
7. “Оқушылардың функционалдық және математикалық сауаттылығын арттыруда теория мен практиканың байланысы”. Математика мұғалімі Төлеубекқызы Қ. Тәжірибе алмасу сабағы.
8. “Информатика пәнінде оқушылардың ФС дамытатын практикалық тапсырмалар жиынтығы” информатика мұғалімдері Тулемисова Г.Н., Малыбаева Г.А, Бекбергенова Б.С. Шебер-сынып.
ІІІ БӨЛІМ. “НӘТИЖЕ. ҚОРЫТЫНДЫ. ТҮЙІН.”:
Лицейдің педагог-психологі Магзумова Н.К. “Жаңбыр сыбдыры” сергіту жаттыгуын жасап, ДББОЖ орынбасары Г.Б. Сартбаеваның қорытындысы тыңдалып, семинар қатысушылар тарапынан кері байланыс орнатуда қатысқан іс-шараларына өзара пікіралмасып, семинардың 3 бөлімі бойынша қорытынды жасалды.
Семинардың барлық шараларын фото, бейнетүсірілім түсіріп, бейнекөрсетілім дайындаған оқушыларымыз Асанәлі, Зағипа, Абубәкір, Нұрбақыт, Бексұлтан сынды оқушыларымызға рақмет айтамыз!