Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Заң және тәртіп» – Адалдық сағаты
24
қаңтар
2026

«Заң және тәртіп» – Адалдық сағаты




2026 жылғы 19 қаңтарда «Заң және тәртіп» тақырыбында сынып сағаты «Адалдық сағаты» форматында өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, адалдық, әділдік және жауапкершілік құндылықтарын қалыптастыру.

Сынып сағаты барысында «Адал азамат» бағыты аясында дайындалған мазмұнды бейнематериалдар көрсетіліп, заң мен тәртіптің қоғамдағы маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар адал азамат болудың негізгі қағидалары жөнінде ой бөлісіп, өз пікірлерін ортаға салды.

Аталған тәрбие сағаты Алматы қаласы бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Департаментінің хаты негізінде ұйымдастырылды.

🔹 Адалдық – қоғамның тірегі
🔹 Заңға құрмет – болашаққа сенім