Денсаулық күніне орай лицейімізде 5-9 сынып оқушылары белсенді түрде
с Бұл күні оқушылар арнайы бекітілген дене шынықтыру нормативтерін орындап, өздерінің шымырлығы мен төзімділігін сынап көрді. Іс-шара аясында түрлі спорт түрлері қамтылды: ұзындыққа секіру, белгілі бір қашықтыққа жүгіру, қолды бүгіп-жазу, секіртпемен секіру және басқа да жаттығулар орындалды. Мұндай белсенділік оқушылардың спортқа деген қызығушылығын арттырып, ұжымдық рухты нығайтып, салауатты өмір салтын насихаттауға бағытталды. Лицей ұжымы бұл күнді тек физикалық дайындықты шыңдау емес,