Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » "Эстетикалық, дене шынықтыру пәндері, АӘТД әдісі" бірлестігінің онкүндігі
12
сәуір
2022

"Эстетикалық, дене шынықтыру пәндері, АӘТД әдісі" бірлестігінің онкүндігі

12.04  күні көркем еңбек пәнінен Байгалиева Т.А. 7 "В" сыныбымен "Әлем халықтарының асханасы" (өздігінен ізденіс-зерттеулері)  тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Сабақ оқу мақсатына сай құрылып, дамыта оқыту технологиясы негізінде оқушылар жұппен ізденіс-зерттеу жұмыстарын қорғап шыкты.
13.04 күні Жүнісбек Сәкен ағай АӘТД пәнінен 10 "Б" сыныбымен "Атыс дайындықтары (Калашников автоматын жартылай бөлшектеу, жинақтау)" атты сабағында автоматты бөлшектеу, жинақтауға және атыс дайындығына қатысты бейнебаян, фильмнен үзінділер арқылы жаңа білімді меңгертіп, теориялық білімді оқушылардың тәжірибелік білімдерімен байланыстыра білді. Сабақ талабына сай басында және соңында сапқа тұру,  команда беру арқылы сабакты аяктау талаптары окушылар тарапынан қалыптаскан, әрі өте сапалы орындалды.