Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мұғалімдер
“Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының жұптық сайысының 3-орын
22
желтоқсан
2025
“Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының
Алматы қаласы Білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялардың қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен “Оқу және математикалық сауаттылық: табысты синергия” байқауының жұптық сайысының 3-орын🥉 иегерлері қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Кенжалиева Жанар Камбаровна және математика пәнінің мұғалімі Мәсіпов Байыржан Бақытжанұлы. Сонымен қатар Алмалы ауданының командасы қаланың 8 ауданының ішінен 3-орынды 🥉иеленді. Құттықтаймыз!
“STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді!
22
желтоқсан
2025
“STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді!
Физика пәнінің мұғалімі Наукенов Дармен Дауленбекулы “Өрлеу” БАҰО” АҚ тарапынан ұйымдастырылған республикалық “STEM педагог” байқауында 1-орынды иеленді! Құтты болсын!
Математика мұғалімдері арасында олимпиада өтті
22
желтоқсан
2025
Математика мұғалімдері арасында олимпиада өтті
Математика пәнінің мұғалімі Өмірзақ Мағжан Қалымжанұлы Алматы облысы және Алматы қаласы бойынша Республикалық физика-математикалық мектебінде математика мұғалімдері арасында өткен олимпиадада 3-орынды иеленді🥉. Құттықтаймыз!
Үздік педагог-2025 ж
30
қазан
2025
Үздік педагог-2025 ж
Бүгін ерекше қуанышты жаңалықтың куәгері болудамыз! Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген “Үздік педагог” атағын беру қағидаларына сәйкес бұл байқау педагогтердің өздерінің педагогикалық шығармашылығын танытатын ерекше маңызға ие конкурс болып табылады. «Үздік педагог» – кәсіби шеберлігімен, жаңашылдығымен, шығармашыл көзқарасымен ерекшеленетін, оқушы жүрегіне жол таба білетін, білім беру сапасын арттыруда айтарлықтай үлес қосқан
Лицейіміздің математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “Алматы ұстазы” байқауының жеңімпазы шетел тағылымдамасынан өту сертификатының иегері атанды
12
қазан
2025
Лицейіміздің математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “Алматы
03.10 күні Республика сарайында мұғалімдер күніне арналған салтанатты концертке ұстаздарымыз қатысты. Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалды өз сезінде «Алматы ұстазы» байкауы педагогтердің кәсіби өсуіне серпін беретінін атап өтті. Жеңімпаз ұстаздар әлемнің жетекші мектептерінде тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болатындығын айта келе жеңімпаздарды тағылымдамадан өту сертификаттарымен марапаттады. Лицейіміздің математика мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “Алматы ұстазы” байқауының жеңімпазы
“ALMATY USTAZY” байқауының финалисті лицей мұғалімі
28
қыркүйек
2025
“ALMATY USTAZY” байқауының финалисті лицей мұғалімі
Лицейің математика пәнінің мұғалімі Құрақ Гаухар Шегебайқызы “ALMATY USTAZY” байқауының 1-кезеңінде математика мұғалімдерінің ішінде ең жоғарғы 48 балл жинап, 2-кезеңге өтіп, ашық сабағы жоғары бағаланып, финалға жолдама алған болатын. Байқаудың финалында 2-кезең қорытындысымен 🥇орын иегері атанып, 3-кезең “Мен мұғалім - көшбасшымын” атауымен авторлық жобасын қорғап, ҮЗДІК 7 МҰҒАЛІМНІҢ қатарынан көрінді. Тізімде 817 балмен 3 -ші тұрған ұстаз жоғары білімімен және біліктілігімен көзге түсіп,
«Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе байқауында лицей ұстазы ІІІ-дәрежелі дипломмен марапатталды
02
қыркүйек
2025
«Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе
«Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша Кәсіби даму институты 2025 жылдың 12 мамыр мен 11 маусым аралығында орта білім беру ұйымдарының қазақ тілі мен әдебиеті және тарих пәні мұғалімдерінің арасында «Ұлттық құндылық – ұрпаққа аманат» тақырыбында республикалық эссе байқауын өткізіп, нәтижесінде ІІІ дәрежелі диплом жүлдегері боп лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қараева Нұрсәуле Болатханқызы марапатталды. Құтты болсын!
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!
13
тамыз
2025
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі!
Жетістік – жүйелі еңбектің жемісі! 2025 жылдың 12-тамызында Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған «Қазақстандағы олимпиадалық қозғалыстың қазіргі трендтері мен даму векторлары» атты республикалық педагогикалық тамыз конференциясы аясында өткен III және IV шығармашылық семинарларға лицейіміздің математика пәні бойынша тренер Асқар Аманжол және математика пәні мұғалімі Молдаханова Гулназ қатысты. Біздің ұстаздар «Пәндік
Лицей мұғалімі Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына арналған іс-шарада топ жарды
13
тамыз
2025
Лицей мұғалімі Абай атамыздың 180 жылдық мерейтойына арналған
Алматы қаласы білім Басқармасының «Алматы қалалық Білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастырумен Алматы қаласы ұстаздарының арасында Абайдың 180 жылдық мерейтойына арналған “Өлең - сөздің патшасы, сөз сарасы” атты ақын өлеңдерін мәнерлеп оқу сайысынан лицейіміздің қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Аманов Нұржігіт Бердібекұлы топ жарып жүлделі 1-орынға ие болды. Іс-шара 12 тамыз күні ұйымдастырылып өткізілді.
Жеңіс бірлікте
29
мамыр
2025
Жеңіс бірлікте
Жыл бойынғы нәтиже бойынша 2024–2025 оқу жылында Алмалы ауданы бойынша өткен спорт жарыстарында С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей ұстаздары зор жетістікке қол жеткізді. 🏆 🎓 Ұлттық мектеп лига ойындарында және интеллектуалдық байқауларда лицей оқушылары үздік нәтиже көрсетіп, аудан бойынша 29 білім беру ұйымдары арасында бірінші орынды иеленді. Бұл – кәсіби біліктілік пен үздіксіз ізденістің жемісі!