Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті.
14
қаңтар
2025

“Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті.

27 қараша күні 5-8 сынып ата-аналарына арналған “Ақыл айтпа, жол көрсет” тақырыбы аясында жиналыс өтті. Жиналыстың басты мақсаты – ата-аналарды балалардың тұлғалық дамуына әсер ететін тәрбиенің тиімді тәсілдерімен таныстыру, олардың оқу-тәрбие процесіне белсенді қатысуын қамтамасыз ету болды. Жиналыс барысында ата-аналарға балалармен қарым-қатынас жасаудағы заманауи әдістер ұсынылып, балаға ақыл айту арқылы емес, дұрыс жол көрсетіп, үлгі болудың маңыздылығы талқыланды. Сонымен қатар, педагогтар ата-аналарға бала тәрбиесінде эмоционалдық қолдау көрсетудің қажеттілігін, сондай-ақ жасөспірімдердің жас ерекшеліктеріне сай психологиялық қажеттіліктерін түсіндірді.

Осындай шаралар отбасы мен мектеп арасындағы өзара әрекетті нығайтуға және оқушылардың сәтті дамуына оң ықпал етеді