Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі
24
қаңтар
2026
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі 🌟 Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларға арналған «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар адал азаматтың қоғамдағы рөлі, заңға құрмет, еңбекке адал көзқарас және жеке жауапкершілік туралы ой бөлісіп,
Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтт
19
қаңтар
2026
Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында Алмалы ауданы ПБ-ға қарасты ҚКБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Малдыбаева Айганым Токтасыновна 10–11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,
Қыстық демалыс – таным мен рухани дамуға толы кезең
19
қаңтар
2026
Қыстық демалыс – таным мен рухани дамуға толы кезең
Қыстық демалыс уақытында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен, қорындағы құнды әдебиеттермен және сирек кездесетін басылымдармен танысты. Бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуге зор мүмкіндік берді.
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық
19
қаңтар
2026
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық Қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздан басталады. Табиғи ресурстарды сақтап, қоқысты сұрыптап, су мен энергияны үнемдеу арқылы біз қаламызды таза, ал өмірімізді қауіпсіз етеміз. ♻️ Қоқысты бөлек жинау – таза планетаға жасалған қадам 💧 Суды үнемдеу – ертеңгі күнге деген жауапкершілік ⚡ Энергияны тиімді пайдалану – әр азаматтың міндеті 🌱 Таза қала – дені сау әрі қауіпсіз болашақтың кепілі Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі экологиялық
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті
24
желтоқсан
2025
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті Лицейде оқушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында: оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері; оқушылардың қауіпсіздігі; тәрбие жұмысының бағыттары; мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер оқушының
«Алматы – таза қала» – ортақ жауапкершілік
22
желтоқсан
2025
«Алматы – таза қала» – ортақ жауапкершілік
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде қоршаған ортаны қорғау, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған қалаға деген жауапкершілікті арттыру мақсатында «Алматы – таза қала» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында оқушыларға қаланы таза ұстаудың маңызы, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау, тұрмыстық қалдықтарды дұрыс сұрыптау және экологиялық тәртіпті сақтау жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Оқушылар
«Жемқорлыққа жол жоқ» – адал қоғам кепілі
22
желтоқсан
2025
«Жемқорлыққа жол жоқ» – адал қоғам кепілі
Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде лицей оқушыларына арналған жеке қауіпсіздік сабағы аясында «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шара барысында лицейдің аға тәлімгері Акимов Самат Макарұлы оқушыларға жемқорлықтың қоғамға тигізер зияны, адалдық пен әділдіктің маңызы, құқықтық сауаттылық және жеке жауапкершілік туралы мазмұнды түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Сабақ барысында нақты өмірлік мысалдар
«Адал азамат» – ұлт болашағының берік негізі
22
желтоқсан
2025
«Адал азамат» – ұлт болашағының берік негізі
«Адал азамат» – ұлт болашағының берік негізі Алматы қаласы Білім басқармасына қарасты Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік және азаматтық ұстаным қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында адал азаматтың қоғамдағы рөлі, заң мен тәртіпке құрмет, еңбекқорлық пен шыншылдықтың маңызы кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, өмірлік мысалдар арқылы
Лицейде қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізілуде
17
желтоқсан
2025
Лицейде қаржылық сауаттылықты арттыру жұмыстары жүргізілуде
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің бастамасы аясында Мемлекет басшысының 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Жолдауын іске асыру мақсатында С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың қаржылық сауаттылығын арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды. Аталған жоба шеңберінде 12–15 жас аралығындағы оқушыларға арналған, қолжетімді әрі түсінікті форматта дайындалған қаржылық сауаттылық бойынша 16 қысқа бейнесабақ ұсынылды.
«Досболайық – татулықтың бастауы»
17
желтоқсан
2025
«Досболайық – татулықтың бастауы»
С.А. Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен түсіністікті қалыптастыру мақсатында «Досболайық» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында достықтың адам өміріндегі маңызы, бір-бірін құрметтеу, қолдау көрсету, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу және бірлік сақтаудың тәрбиелік мәні туралы айтылды. Оқушылар өз ойларын ортаға салып, достыққа адал болудың маңызын түсінді. Шараның негізгі мақсаты – оқушыларды