Ашық сабақтар айлығы » 39 лицей
Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ашық сабақтар айлығы
06
наурыз
2024

Ашық сабақтар айлығы






Математика мұғалімі Әшірова Айткүл Асқарқызы 9-сыныппен “Тригонометриялық формулалар. Келтіру формулалары” тақырыбымен өткізген ашық сабағында өткен сабақ бойынша сұрақтар қойылып, жауаптарына орай топқа бөлді. Дамыта оқыту технологиясына сәйкес жаңа тақырып бойынша берілген үй тапсырмасы “тригонометрия өмірде” тақырыбында оқушылар презентация дайындаған. Оқушылардың әрқайсысына барлық тапсырмаларды бағалауы қамтылған бағалау парағын үлестірді, өткен сабақты сұрақ-жауаппен еске түсірді. Жаңа сабақты бекітуде С деңгейінде “Тригонометрия өмірде” атауымен есептер шығарды. “Сәйкестендіру” әдісімен тригонометриялық функцияларға қатысты формулалар бойынша есептер арқылы ойларын ортаға сала отырып шығарды. Саралау тапсырмалары оқушылар “Сыйлық” әдісімен жеке тапсырмаларды орындады. Таратылған формуланың теңдік мәнін тақтадағы иллюстрациялық көрнекілікке оқушылар жапсырды. Жұптық жұмыста “Мозайка” әдісін қолданып, өрнектерді ықшамдауды орындағанда, мозайка құрылымында “Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы” деген нақыл сөз шығып, сабаққа кері байланыс жасалды. Инстаграмм әдісімен оқушылар сабаққа рефлексия жасады.
Мұғалімнің сабақты көрнекілікпен қамтамасыз етуі, көрнекіліктерінің иллюстрациялық-көркемдік жағынан ерекше форматта болуы, түр-түсіне дейін айшықтауы - оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, қызығушылықтарын оята білді.

Похожие публикации: