03
мамыр
2024
Ашық сабақтар айлығы


азақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Сейітқұлова Фариза Жаханқызы 5 "А" сыныбымен адамгершілік құндылықтарға бағытталған "Б. Соқпақбаев «Менің атым Қожа» повесінен үзінді. Түбінде адам болатын бала" тақырыбында ашық сабағында "Егіз лебіз" әдісімен оқушылар бір-біріне өз жылулығын танытты. "Classdojo" платформасымен оқушыларды "Адамгершілік", "Әділдік", "Мейірімділік"," Жауапкершілік" деген адамдық қасиеттермен 4 топқа бөлді. Олар өз тобының атауына сәйкес әділдік, адамгершілік, жауапкершілік, мейірімділік көрініс табатын сюжеттерді атап өтті. Мұғалім жеке, жұптық, топтық жұмыстың бағалау шкаласын таныстырып, оқушыларға қуаты таусылған батареяларды таратты. Бағалау "Білім қуаты" әдісімен оқушының әрбір дұрыс жауабы үшін жеке, жұптық жұмыстарда білім қуатын таратты. Топтық жұмыс"Classdojo" платформасымен бағаланды. Үй тапсырмасын «Комиксті кинолента» әдісімен шығармаға композициялық талдауды комиксті кинолента жасау арқылы қорытындылады. "Болжау» стратегиясымен «Қазына аралына саяхат» жасап, шығарма желісімен сұрақтарға жауап беріп, оқиғаны еске түсірді. Оқу мақсаты сай «1 тезис, 3 дәлел» әдісімен әдеби шығарма кейіпкерлерінің бойындағы қасиеттері мен әрекеттерін салыстыра суреттеп, талданды. Мұғалім "Қожа – бірде тентек, бұзық, бірде ақылды бала.", "Жантас – Қожаны шағыстыратын мақтаншақ.", "Сұлтан – Қожаның жаман жолға түсуіне себеп болса да, кінәсіз кейіпке”,
"Майқанова – әділ, адамгершілігі бар ұстаз." тезистеиін ұсынды. Оқушылар тезистерді ұтымды дәлелдеп шықты. Ойлау дағдыларының жылдамдығын тексеру мақсатымен Qrcod-та жасырылған суреттерге қарап сюжетті еске түсірді. Кинофилімнен үзінді көрсету арқылы оқушылардың жауаптары тексерілді. Жеке жұмыста оқушылар шығарма кейіпкерлерін шынайы өмірмен салыстырып талдау жүргізді. Оқушылар шығарма кейіпкерлерінің бірін таңдап, кесте арқылы кейіпкердің шығармадағы әрекеттерін жазып, қазіргі өмірде көрініс табуын баяндап өтті. Шығарма мазмұнымен толық таныс екенін бағалау тапсырмаларын өте жақсы орындағандарынан анықталды. "Flinga" қосымшасы арқылы оқушылар сабаққа кері байланыс берді, жеке есетеліктерімен бөлісті. Мұғалім осы арқылы оқушы жетістігін толыққанды бағалау мүмкіндігіне қол жеткізді.