Лицейде шығармашылық кездесу өтті
Оқушылардың рухани-мәдени дүниетанымын кеңейту, кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру және өнерді насихаттау мақсатында лицейімізде кітапханашының ұйымдастыруымен жазушылардың, ақындардың, суретшілердің, өнер адамдарының және танымал жерлестеріміздің қатысуымен шығармашылық кездесу өткізілді. Кездесу барысында кітапханашы қонақтарды таныстырып, олардың шығармашылығына шолу жасап, оқушыларды әдебиет пен өнер әлеміне жетеледі. Қонақтар өз өмір жолы, шығармашылық ізденістері мен жетістіктері