Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Жас буын мамандармен семинар-практикум
04
сәуір
2022

Жас буын мамандармен семинар-практикум

2022 жылдың наурызында  "Заманауи сабақ үлгісі - сапалы білімнің өзегі" тақырыбында жас буын мамандармен семинар-практикум өткізілді. Басты мақсаты: мұғалімдердің өткізген ашық сабақтарын ұсынылған критерийлер бойынша жан-жақты, түбегейлі өз сабағын өзі талдау жасау, талқылау, жоғары буын ұстаздарымен пікір алмасу. Тіл пәндері, қоғамдық-гуманитарлық, ғылыми-жаратылыстану пәндері мұғалімдер тобы құрылды. Топ мұғалімдері  арнайы парақты толтыруда сабақтарына сыни көбен қарап, сабақтарының кемшіліктері мен жетістіктерін толығымен әрбір қолданған әдістер, іс-әрекеттерді  талдап жазып шықты. Әр топқа бөлінген модераторлармен бірлесе отырып, өздері анықтаған кемшіліктер орнын толтыруда, алдын алуда, болашақта ескеруде қандай әдістермен немесе іс-әрекеттермен, сондай-ақ сапалы сабақ негізін қалау тәсілдері барысында өзара пікіралмасып, топта бір шешімге келіп, сапалы сабақ үлгісін құрастырып шықты. Бұл семинардың ерекшелігі әр мұғалім өз сабағына шынайы көзбен қарап, өз кемшіліктері мен нәтижелерін өздері анықтауында болды. Семинардың соңғы 3-бөлімінде әр топ модераторлары мен жас мамандар көпшілік алдына шығып, бір шешімге келген заманауи сабақ моделімен таныстырып, өзара тәжірибе алмасу, пікіралысу, талқылау, шеберліктерін таныту, өздеріне сыни тұрғыдан қарай білу бағытындағы жұмыстардың жас буын үшін берері көп болды.