Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
“Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді.
22
ақпан
2024
“Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық
19.02 күні лицейде Алматы қаласы Білім басқармасы, ҚББЖТҒӘО оқу-ісі жөніндегі бөлімінің қазақ тілі және әдебиет пәнінің әдіскері Шакретова Қаламқас Базарбаевнаның басшылығымен қазақ тілі және әдебиет пәні бойынша “Эссе жазу дағдыларын дамыту жолдары” тақырыбында қалалық ғылыми-практикалық семинар өткізілді. Мақсаты: оқушыларды эссе жазу дағдыларына үйрету бойынша мұғалімдердің кәсіби біліктілігін дамыту. Оқтыту мен оқудағы тиімді әдіс-тәсілдермен, тәжірибелермен бөлісу. Семинарда Алматы қаласы
«Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті
05
ақпан
2024
«Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі»
Алматы қаласы білім басқармасы, Алматы қаласы қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми әдістемелік орталығы, Бостандық аудандық білім бөлімі және ШЖҚ «М.Мақатаев атындағы №140 гимназия» МКК-нің ұйымдастыруымен 29 қаңтар күні «Құндылыққа бағдарланған білім беру: Қазақстан мен Англия тәжірибесі» атты қалалық ғылыми-практикалық семинар өтті. Қалалық семинарда лицейіміздің математика пәні мұғалімі Г.Б.Молдаханова спикер болып қайтты
Ашық сабақтар айлығы
31
қаңтар
2024
Ашық сабақтар айлығы
15.01 күні математика мұғалімі Қанатова Әсем Қанатқызы 5 “Б” сыныбымен “Ондық бөлшектерді қосу және азайту” тақырыбымен ашық сабақ өткізді. Оқу және сабақ мақсатына сәйкес топты “flippity.net” сілтемесімен кездейсоқ түрде 3 топқа бөлді. Ауызша үй тапсырмалары тексеріліп, жағымды психологиялық ахуал тудыруда Эйлер атты жасанды интеллект оқушыларға сәттілік тіледі. Мұғалім сабағының әр бөлімін денсаулыққа қатысты нақыл сөздерден құралған эпиграфпен бастады. “Дені сау ұрпақ - ұлт болашағы” арқылы
Ашық сабақтар айлағы
31
қаңтар
2024
Ашық сабақтар айлағы
Физика пәнінің мұғалімі Болат Думан Болатұлы 8 сыныппен “Электр зарядының сақталу заңы, Кулон заңы” тақырыбымен өткізген ашық сабағында “Анти-жалқаулық” әдісімен психологиялық жағымды ахуалды қалыптастырып, “Qazmath” платформасымен 2 топқа бөлді: “Нейтрон”, “Электрон”. “Додекаэдр” әдісімен үй тапсырмасы тексерілді. Жаңа сабақты “Ой қозғау” әдісімен “Corinth 3D” платформасымен физикалық құралдарды 3d модельде қолдану арқылы жаңа тақырыпты ашты. Кулон тәжірибесін көрсете отырып, топтық жұмыста
Ашық сабақтар айлығы
31
қаңтар
2024
Ашық сабақтар айлығы
Химия пәнінен Бексұлтан Б.Б. 8 “Ә” сыныбымен “Отынның жануы және энергияның бөлінуі. Жылыжай эффектісі. Экзотермиялық және эндотермиялық реакциялар. Термохимиялық теңдеулерге есептер шығару” тақырыбында ашық сабақ өткізді. Сыныпты топқа бөлуде “Кездейсоқ бөліну” әдісін, үй тапсырмасын тексеруде “bamboozle.com” сайтын қолданды. Жаңа сабақты миға шабуыл әдістерін қолданып, бейнематериал арқылы тыңдалым болды. Экологиялық мәселелерді қозғап, термохимиялық теңдеулерге есептер шығарылды. 3 топ 3
Қалалық “Ақылды сабақ-2023” байқауының жеңімпаздары
27
желтоқсан
2023
Қалалық “Ақылды сабақ-2023” байқауының жеңімпаздары
Жыл сайын қалалық ғылыми-әдістемелік орталығы тарапынан өткізілетін педагог мамандарға арналған дәстүрлі қалалық “Ақылды сабақ-2023” байқауының жеңімпаздары: 1. Математика мұғалімі - Сеитова Кулжан Атабековна, 2-орын; 2. Физика мұғалімі - Жәңгірбай Дана Мұратқызы, 2-орын; 3. Инфоматика мұғалімі - Малыбаева Гульмира Адильбаевна, 3-орын; 4. Физика мұғалімі - Алиева Айгуль Айбековна, 3-орын жүлделі орындарымен құттықтаймыз
Жалпықалалық сейсможаттығу
12
қыркүйек
2023
Жалпықалалық сейсможаттығу
С.А.Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицей оқушылары мен ұстаздары 11 қыркүйек күнгі жалпықалалық сейсможаттығуға белсенді қатысып, АӘД пәнінің мұғалімі Еркебұлан Жақсылықұлы жер сілкінісі немесе табиғи техногендік апат жағдайындағы қауіпсіздік шараларымен таныстырды.
«ЖИТС қарсы күрес және алдын алу»  туралы түсіндірме жұмыстар
18
мамыр
2023
«ЖИТС қарсы күрес және алдын алу» туралы түсіндірме жұмыстар
17.05.2023 ж .Сұлтан-Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің 9-10 сынып оқушыларына «ЖИТС қарсы күрес және алдын алу» орталығының эпидемиолог дәрігері Тулегенова Айнур Нурлановна дәріс оқыды.
Жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстар
18
мамыр
2023
Жолда жүру ережесі туралы түсіндірме жұмыстар
Бүгін 16.05.2023 ж лицейімізде 6 және 7 сынып оқушыларына Алмалы ауданы ПБ ЖПҚБ ЮПБ аға учаскелік инспекторы полиция майоры Бейсенова З.Н., аға лейтенант Б.Т.Мамыр және лицей директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ж.Т.Тукбаев оқушыларға жолда жүру ережесі бойынша практикалық сабақ өттті сондай-ақ әкімшілік құқықбұзушылық бойынша түсіндірме жұмысын жүргізді.
«Экология, қоршаған ортаны қорғау»
18
мамыр
2023
«Экология, қоршаған ортаны қорғау»
Тәрбие жұмысының «Экология, қоршаған ортаны қорғау» бағыты бойынша 5-сынып оқушылары технология пәнінің мұғалімі Қ. Латыповпен бірге құстарға ұя жасап, мектеп алаңына ілді.