Алматы қаласы Білім басқармасының
"Cұлтан-Ахмет Қожықов атындағы №39 мамандандырылған лицей"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727)2-72-11-79
Есепші бөлімі:
+7(727)2-22-18-31
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Страница 3
DosbolLIKE – достық пен құрметке негізделген орта
24
қаңтар
2026
DosbolLIKE – достық пен құрметке негізделген орта
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларға арналған «DosbolLIKE» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, өзара сыйластық пен қолдауды дамыту, буллингтің алдын алу және жағымды психологиялық орта қалыптастыру. Сабақ барысында оқушылар достықтың маңызы, бір-біріне құрметпен қарау, келіспеушіліктерді бейбіт жолмен шешу және кибербуллингтің алдын алу жолдары туралы ой бөлісті. Пікір алмасу
Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі
24
қаңтар
2026
Көмек көрсету – адамгершіліктің белгісі
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларға арналған «Көмек» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушылардың бойында мейірімділік, жанашырлық, өзара қолдау көрсету және қоғамға пайдалы болу құндылықтарын қалыптастыру. Сабақ барысында көмек көрсетудің маңызы, қиын жағдайға тап болған адамдарға қол ұшын созу, ұжымдағы сыйластық пен бірлікті сақтау мәселелері талқыланды. Оқушылар өз ойларын білдіріп, өмірлік мысалдармен бөлісті. Жақсылық
Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі
24
қаңтар
2026
Жеке қауіпсіздік – әр азаматтың жауапкершілігі
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушыларға арналған «Жеке қауіпсіздік» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының мақсаты – білім алушыларға күнделікті өмірде қауіпсіздік ережелерін сақтау, төтенше жағдайларда дұрыс әрекет ету, сондай-ақ интернет пен қоғамдық ортадағы жеке қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру. Сабақ барысында оқушыларға өмірлік маңызды қауіпсіздік қағидалары түсіндіріліп, нақты мысалдар арқылы қауіпті жағдайлардың алдын алу жолдары
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі
24
қаңтар
2026
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі
«Адал азамат» – ел болашағының берік негізі 🌟 Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейінде оқушыларға арналған «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағатының басты мақсаты – жас ұрпақтың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік пен отансүйгіштік құндылықтарын сіңіру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Іс-шара барысында оқушылар адал азаматтың қоғамдағы рөлі, заңға құрмет, еңбекке адал көзқарас және жеке жауапкершілік туралы ой бөлісіп,
Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтт
19
қаңтар
2026
Лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында маңызды профилактикалық кездесу өтті. Кездесу барысында Алмалы ауданы ПБ-ға қарасты ҚКБ ЮПБ аға инспекторы, полиция майоры Малдыбаева Айганым Токтасыновна 10–11 сынып оқушыларына Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 287-бабы аясында түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Атап айтқанда, қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру,
Қыстық демалыс – таным мен рухани дамуға толы кезең
19
қаңтар
2026
Қыстық демалыс – таным мен рухани дамуға толы кезең
Қыстық демалыс уақытында Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейдің оқушылары Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына танымдық экскурсия жасады. Экскурсия барысында оқушылар кітапхананың тарихымен, қорындағы құнды әдебиеттермен және сирек кездесетін басылымдармен танысты. Бұл шара оқушылардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, рухани-мәдени дүниетанымын кеңейтуге зор мүмкіндік берді.
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық
19
қаңтар
2026
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық
Табиғатты қорғау – болашаққа қамқорлық Қоршаған ортаны қорғау әрқайсымыздан басталады. Табиғи ресурстарды сақтап, қоқысты сұрыптап, су мен энергияны үнемдеу арқылы біз қаламызды таза, ал өмірімізді қауіпсіз етеміз. ♻️ Қоқысты бөлек жинау – таза планетаға жасалған қадам 💧 Суды үнемдеу – ертеңгі күнге деген жауапкершілік ⚡ Энергияны тиімді пайдалану – әр азаматтың міндеті 🌱 Таза қала – дені сау әрі қауіпсіз болашақтың кепілі Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейі экологиялық
Оқушыларға арналған «DosbolLike» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
24
желтоқсан
2025
Оқушыларға арналған «DosbolLike» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде лицейдің әлеуметтік педагогы Советқанова Дина Рамазанқызының ұйымдастыруымен оқушыларға арналған «DosbolLike» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында оқушыларға достық қарым-қатынас, өзара сыйластық, әдептілік пен бір-біріне қолдау көрсету құндылықтары түсіндірілді. Сонымен қатар, заманауи қоғамдағы әлеуметтік желілер мәдениеті, буллингтің алдын алу, жағымды қарым-қатынас қалыптастыру жолдары кеңінен талқыланды.
5-сыныптарға арналған тренинг өтті.
24
желтоқсан
2025
5-сыныптарға арналған тренинг өтті.
Мектеп педагог-психологтерінің ұйымдастыруымен 5-сынып оқушыларына арналған нейрожаттығулар тренингі өткізілді. Бұл шара ең алдымен оқушылардың зейінін тұрақтандыруға, есте сақтау қабілетін арттыруға және оқу жүктемесі кезіндегі шаршаудың алдын алуға бағытталды. Осы мақсатта тренинг барысында ми белсенділігін ынталандыратын арнайы қозғалыс жаттығулары қолданылды. Мұндай тапсырмалар баланың ойлау жүйесін жылдамдатып, сабаққа шоғырлануын жеңілдетуге көмектеседі. Тренинг барысында оқушылар
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті
24
желтоқсан
2025
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті
Лицейде ата-аналар жиналысы өтті Лицейде оқушылардың оқу-тәрбие процесін жетілдіру, білім сапасын арттыру және ата-аналармен ынтымақтастықты нығайту мақсатында ата-аналар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында: оқу үлгерімі мен тәртіп мәселелері; оқушылардың қауіпсіздігі; тәрбие жұмысының бағыттары; мектеп пен ата-ана арасындағы өзара байланыс мәселелері талқыланды. Сонымен қатар ата-аналардың ұсыныс-пікірлері тыңдалып, өзекті сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Мұндай кездесулер оқушының