«Адал азамат» – ұлт болашағының негізі
Сұлтан Ахмет Ходжиков атындағы №39 мамандандырылған лицейде оқушылардың бойына адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты құндылықтарды сіңіру мақсатында «Адал азамат» тақырыбында тәрбие сағаты өткізілді. Тәрбие сағаты барысында адал еңбектің маңызы, заңға құрмет, қоғам алдындағы жауапкершілік, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Оқушылар өз ойларын еркін айтып, адал азамат қандай болу керек деген сұрақ төңірегінде пікір алмасты. Іс-шараның басты