«Адал азамат – ел болашағы» атты тәрбие сағаты өтті.
Іс-шараның мақсаты – оқушылардың бойында адалдық, әділдік, жауапкершілік сияқты адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру, туған еліне адал қызмет ететін, саналы да парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Тәрбие сағаты барысында оқушылар адалдық туралы ой бөлісіп, өмірлік мысалдар келтіріп, бейнероликтер мен көріністер арқылы өз көзқарастарын білдірді. Осындай мазмұнды іс-шаралар арқылы лицейімізде елжанды, әділ, адал азамат тәрбиелеу бағытындағы жұмыс жүйелі түрде жалғасуда. 🇰🇿